Тоқаев: Жағымсыз әдеттен түбегейлі арылу керек

Жобалар

Мемлекет басшысы адамдардың дөрекі сөйлеп, бір-біріне ерегісіп, жаға жыртысатын әдетін де сынға алды.

Озық ойлы ұлт болу үшін бұдан түбегейлі арылу керектігін алға тартты. Президент: «Мәдениет пен әдеп, тәрбие мен тәлім әрбір азаматтың, әрбір отбасының өзінен басталуы қажет», — деді. «Қазіргі бұлыңғыр заманда ең басты міндет – еліміздің егемендігін, жеріміздің тұтастығын нығайту. Ол үшін бірлігіміз бекем болуы керек. Халқымыз тату болса, ішкі ахуал тұрақты болса, біз барлық қиындықты жеңеміз. Кез келген кедергіден өтеміз» деп, жұртшылықты ел тыныштығын бағалай білуге, сақтай білуге шақырды. «Заң және тәртіп»-тің мемлекетіміздің мызғымас тұғыры екенін еске салды.