Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары мемлекеттік қызметшілерді құмар ойындары үшін жұмыстан шығарды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Былтыр шілдеде "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының заңына толықтырулар енгізілді, соған сәйкес мемлекеттік қызметшілерге құмар ойындар ойнауға тыйым салынады, әйтпесе олар жұмыстан шығарылады.
Тексеріс нәтижесінде СҚО-да осындай жайттар анықталған.
"Ақжар ауданы әкімдігінің құрылыс және сәулет бөлімінің бас маманы заң талаптарын бұзып, букмекерлік кеңсеге жүйелі негізде "ставкалар" қойған. Осындай заңбұзушылықтар Ұялы ауылдық округі әкімі аппаратының және Ақжар ауданының білім бөлімінің бас мамандарынан да анықталды", — деп жазылған хабарламада.
Прокурорлық қадағалау актілері бойынша лауазымды адамдар жұмыстан босатылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!