Ұлытау өңіріне 226 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылды

Жобалар

Мемлекет басшысы Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспековті қабылдады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Дастан Рыспеков өткен жылы өнеркәсіп өндірісі 8 пайызға, құрылыс жұмыстарының көлемі 28 пайызға және тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші 30 пайызға өскенін айтты.

Сонымен қатар:

  • былтыр өңірге 226 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылған. Оның 89 пайызы – жеке инвестиция;
  • жалпы сомасы 940 миллиард теңге болатын инвестициялық пул жасақталған;
  • биыл құны 138 миллиард теңгені құрайтын 17 жобаны іске асыру жоспарланып отыр.

Сондай-ақ:

  • Президентке қатерлі өндіріс орындарында еңбек ететін азаматтардың қауіпсіздігін сақтау бағытында бұған дейін берген тапсырмасына сай атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндалды. Тиісті шараларды әкімдік Үкіметпен бірлесіп жүргізуде.
  • Дастан Рыспеков "Қазақмыс" корпорациясының кенішінде таяуда болған апат салдарынан қаза тапқан шахтерлердің отбасыларына қандай көмек көрсетіліп жатқанын айтты.

Облыс әкіміне көлік-логистика әлеуетін арттыру, инфрақұрылымды жаңғырту, сапалы медициналық қызмет көрсету, халықты таза ауызсумен қамтамасыз ету және экологиялық мәселелерді шешу жөнінде тапсырма берілді.