Су тасқыны қаупі жоғары аймақтар анықталды

Жобалар

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Үкімет отырысында көктемгі ауа райы болжамының жаңа мәліметтерін ұсынды, деп хабарлайды Skifnews .kz ақпарат порталы.

Министрдің айтуынша, наурыз-сәуір айларында ауа температурасы әдеттегіден жылы болады, ал елдің басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері көп түседі.

Су тасқыны қаупі жоғары аймақтар:

Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ұлытау және Абай облыстары

Қауіптілігі орташа өңірлер:

Алматы, Жетісу, Жамбыл, Батыс Қазақстан және Атырау облыстары

Тасқын қаупі төмен өңірлер:

Павлодар, Маңғыстау, Түркістан және Қызылорда облыстары.