Тағы екеуі жарақат алды, деп хабарлайды 24kz.
Тек соңғы бір аптаның ішінде тілсіз жау шамамен 100 мың гектар аумақты жалмаған. Елде бес ірі өрт ошағы тіркелді. Ең күрделі жағдай елдің солтүстік және орталық аймақтарында байқалған. Өрттің тез таралуына құрғақшылық пен қатты жел ықпал етіп отыр. Қазір жалынды сөндіруге шамамен 4000 құтқарушы, 800 техника және 10 ұшақ жұмылдырылды. Ресми дерекке сәйкес жыл басынан бері елде 216 мың гектар жер өртенген. Мұндай ауқымды апат соңғы 8 жылда болмаған.