10 наурыз күні Сербияның Ниш қаласында бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты басталды. Бәсекенің алғашқы күнінде шаршы алаңға шыққан 4 отандасымыздың үшеуі жеңіске жетті. Бүгін 6 боксшымыз келесі кезең жолдамасын сарапқа салады, деп жазады Egemen.kz.
Сербиядағы жекпе-жектер күндізгі және кешкі сессияда өтіп жатыр. Кеше 50 келі салмақ дәрежесінде Алуа Балқыбекова кениялық Вероника Нзиваны жеңсе, 81 келіден жоғары санатта Елдана Тәліпова өзбекстандық Олтин Сотимбоевадан басым түсті. Кешкі сессияда Анита Әдішева (52 келі) мексикалық Патино Хураезке жол берді.
Ал бүгін сағат 18:00-де жұдырықтасатын боксшылар:
Виктория Графеева
Алуа Балқыбекова
Аида Әбікеева
22:00-де шаршы алаңға шығатын былғары қолғап шеберлері:
Жайна Шекербекова
Гүлсая Ержан
Жасмин Кизатова
Айта кетейік, Сербия әйелдер арасындағы әлем чемпионатын қабылдаған 9-мемлекет атанып отыр. Халықаралық додаға 12 салмақ дәрежесі бойынша 51 мемлекеттен келген 239 боксшы тіркелген.
Жеңімпаздар 16 наурыз күні анықталады.