Кеше Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық туралы іс бойынша сот отырысы өтті, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Осы сот отырысында күтпеген жайт болған. Судья Әбінұр Қарабаев журналист Ботагөз Омароваға тілін шығарған. Ботагөз Омарова сот залындағы видеоны Facebook парақшасында жариялады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Massaget.kz жаңалықтар сайты (@massaget.kz)
Айта кетейік, кеше сот отырысында прокурор Бауыржан Қараманов Ернар Жиембайды 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Берденовке жасалған шабуыл
Еске салайық, 21 сәуірде Шымкент қаласы әкімдігі ғимараты маңында атыс болды. Салдарынан Руслан Берденов жарақат алды.
Кейінірек күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Мамырда Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденов шабуылдан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!