456 елде мекенде 2500 шақырым су құбыры салынып жатыр. Меже орындалса, 1,3 млн тұрғын таза тіршілік көзін тұтынады. Бұл жайлы Су ресурстары және ирригация министрлігінің мамандары мәлімдеген еді. Айтайық, қазақ басшысы Қазақстан халқын 100% сапалы ауызсумен қамтуды тапсырған еді. Жауаптылар Президент жүктеген міндетті орындап, межеге жақындады ма?