Аляскадағы саммит нәтижелері. Нуриддин Сұлтанмұратов

Жобалар

Аляскада өткен Путин мен Трамптың кездесуі халықаралық саясаттағы ең үлкен назарда болған оқиғаға айналды, деп хабарлайды 24kz.

Әлем сарапшылары бұл кездесудің салдарын әр қырынан бағалап отыр.

1. Ең әуелі осы кездесудің Украинадағы әскери динамикаға ықпалы қандай болмақ? Эскалацияда белгілі бір үзіліс күтеміз бе, әлде керісінше, қақтығыстардың күшеюі мүмкін бе? Аляска саммитінің қорытындыларына сүйеніп, қандай да бір болжам жасауға бола ма?

2. Путин Мәскеуде жаңа кездесу өтуі мүмкін екенін айтып: «Бейбітшілікке жол ашатын түсіністіктерге қол жеткіздік», - деді. Осы тұрғыда дипломатияның алдағы дамуында қандай сценарийлер күтуге болады?

3. Әлемдік қауымдастықтың назары толықтай Аляскаға ауғаны белгілі. Дегенмен, бұл саммит шынайы дипломатиялық келіссөздерден гөрі символдар, рәсімдер мен ишараларға көбірек құрылған медиялық оқиға болды деуге негіз бар ма?

4. Бұл кездесуге АҚШ Конгресі мен Трамптың саяси айналасы қалай қарады? Бұл факторлар американдық ішкі саясатта қосымша қайшылықтарға алып келуі мүмкін бе?

5. Дональд Трамптың Ресей Украина АҚШ форматында саммит өткізу туралы бастамасы қаншалықты жүзеге асуы мүмкін? Мұндай формат қақтығысты реттеуде жаңа мүмкіндіктер бере ала ма?

6. Владимир Зеленскийдің Вашингтонға сапары алдында бітім талаптарын талқылауға ниетті екенін ескерсек, бұл келіссөздер нақты қандай нәтижелерге әкелуі мүмкін?

Осылайша, Аляска саммиті тек екі ел арасындағы қарым-қатынас емес, бүкіл әлемдік саясаттың бағытына ықпал етуі ықтимал маңызды оқиға болып отыр.

Спикер: Нуриддин Сұлтанмұратов, «Аймақтық қатынастарды талдау» ғылыми-зерттеу орталығының сарапшысы.