Сеулде тасқыннан бір адам қаза тапты

Жобалар

Оңтүстік Кореяның бірнеше аймағында екі күн қатарынан толассыз жаңбыр жауып тұр.

Сеулде тасқыннан бір адам қаза тапты. Жолдар мен үйлерді су басып, мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Сеул, Пхаджу, Инчхон және Кимпо қалаларында жауын-шашын мөлшері 300 миллиметрге дейін жетіп, көшелерді су шайып кетті. Көліктер судың ортасында қалып, қозғалыс қиындаған. Жергілікті билік қауіпсіздік мақсатында өзен жағасындағы саябақтар мен жүзден астам жаяу жолды жапты. Халыққа жаппай ескерту жасалды. Әуе рейстері әзірге тоқтаған жоқ.