«SENAT OPEN-2025» турнирінің жартылай финалы өтті

Жобалар

Талдықорғанда шахматтан «SENAT OPEN-2025» турнирінің жартылай финалы өтті.

Турнирге өңірлерде іріктеуден өткен 140 адам қатысты. Шығыс Қазақстан, Жетісу, Алматы облысы және Алматы қаласының шахматшылары төрт топқа бөлініп өзара сынға түсті. Нәтижесінде «Депутаттар», «Мемлекеттік қызметкерлер», «БАҚ өкілдері», «Ардагерлер», «Қоғамдық кеңес мүшелері» командаларының арасында үздіктері анықталды. Швейцариялық жүйе негізінде өткен сайыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері финалдық ойындарға жолдама алды.

Еркін Рақышев, Алматы қалалық Мәслихатының депутаты:

- Ендігі кезең Астанада болады. Күзде болатын шығар. Оған бүкіл елдің шахматшылары жиналады. Әр өңірден жеңіп шыққандар келеді. «Біссіміллә» деп оған да қатысып көреміз.