Қорғаныс министрлігі EC-145 тікұшағы құлаған аймақта іздестіру-құтқару іс-шаралары барысында екінші адамның денесі табылып, судан шығарылғанын мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазір құзыретті органдардың қатысуымен анықтау рәсімі жүргізіліп жатыр.
Қорғаныс министрлігі, ТЖМ, ІІМ және басқа да ведомстволардың барлық қажетті күш-құралын жұмылып, іздеу жұмыстары тәулік бойы жүріп жатыр.
Еске салайық, 25 шілдеде Алматы облысында EC-145 әскери тікұшағы радардан жоғалып кетті. 26 шілдеде тікұшақтың сынықтары Сорбұлақ көлінен табылды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!