АҚШ-та тікұшақтың құлауынан екі адам қаза тапты

Жобалар

АҚШ-тың Иллинойс штатында тікұшақ апатқа ұшырады.

Әуе көлігі электр желісіне соғылып, Миссисипи өзеніндегі баржаның үстіне құлаған. 2 адам ажал құшты. Рейтер агенттігі таратқан кадрларда аймақта қою қара түтін көтерілгенін анық көруге болады. Өрт дереу сөндірілген. Бір тәуірі, сол мезетте баржада адамдар болмаған. Құрама Штаттар жағалау күзетінің қызметкерлері су жолын жапты. Бұл жергілікті шаруалардың Мексика шығанағына астық жеткізуін тежеді. Апат себебі әзірге белгісіз. Полиция тергеуді бастады.