Семейде жүгіруден жарыс өтті

Жобалар

Бүгін Семейде 100-ден астам адам жүгіруден жарысқа қатысты.

Желаяқтар Орталық Ертіс жағалауынан бастап, Бейбітшілік аралындағы Этноауылға дейін 3 шақырым жерді жүгіріп өтті. Қатысушылар жас ерекшелігіне қарай үш санатқа бөлінді. Жеңімпаздарға алғыс хат пен естелік сыйлықтар табысталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шара салауатты өмір салтын насихаттап, бұқаралық спортты дамытуға арналды. Бүгін сондай-ақ Семей-Қарауылтөбе бағытында 180 шақырымдық ультрамарафон басталады. Қазір қалада Абайдың 180 жылдығына орай, түрлі мәдени және спорттық шаралар өтіп жат.

Рамазан Саттарұлы, ұйымдастырушы:

- Халықаралық тәжірибелері бар спортшылар бүгін сағат 05:00-де жарысқа шығады. Оның арасында Қазақстанның 24-сағаттық жүгіруде рекорд орнатқан 240 километрлік дистанция игергендер бар. Шетелдік ультрамарафонның жеңімпаздары бар. Қызықтың көкесі 17:00-де басталады.