ЮНИСЕФ: Газада тәулігіне 28 бала қайтыс болады

Жобалар

Газа секторында қақтығыс басталғалы күн сайын орта есеппен 28 бала қайтыс болады.

Бұл ЮНИСЕФ-тің мәлімдесі. Ұйым өкілдерінің дерегіне сүйенсек, гуманитарлық жүк жеткізу мәселесі күннен күнге ушығып барады. Азық-түлік тұрақты жеткізілмегендіктен 320 мыңнан астам бала тойып тамақ ішпейді. Соның салдарынан көбінің денсаулығы сыр беріп, психикалық күйзеліске түскен. Осыдан 2 жыл бұрын ХАМАС пен Израиль арасында текетірес күшейгелі бері Газа секторында 61 мыңға жуық палестиналық көз жұмды. Оның 18 мыңға жуығы кәмелетке толмаған.