Медициналық нысан күніне 300-дей пациентті қабылдай алады. Онда әскери қызметшілерге, курсанттарға , кадеттерге және олардың отбасы мүшелері мен ардагерлерге медициналық қызмет көрсетіледі.
Әскери емхананың салтанатты ашылуына қорғаныс министрлігі құрылымдарының басшылығы мен қарулы күштердің ардагерлері қатысты. Айта кету керек, Астана қаласының бас әскери клиникалық госпиталінің алғашқы көмек бөлімшесі осы ғимаратта қызметін жалғастырмақ.
Қаныш Әбубәкіров, ҚР Қорғаныс министрінің Тыл және әскери инфрақұрылым жөніндегі орынбасары:
- Бұл медициналық қызмет көрсетудің логистикасын жеңілдетіп, уақыт пен ресурстарды тиімді пайдалануға жол ашады. Аталған ғимарат күрделі жөндеуден өтті. Толық қайта жоспарланды. Бірқатар бөлімдер заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қайта жабдықтандырылды.
Күлзира Мұхамадиева, Әскери емхананың диагностикалық бөлімше бастығы:
- Жаңа заманға сәйкес бүкіл зерттеулер жүргізіледі. Осы диагностикалық бөлімшесін ультра-дыбыстық зерттеу жүргіземіз.Функционалдық диагностика зерттеулерін жүргіземіз.