Павлодарда тұрғын үйден өрт шығып, оқшауланды .
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді. Жалын шаһардағы Естай көшесінде орналасқан 10 қабатты тұрғын үйден шықты. Қызыл жалын 7-ші қабаттан 10-шы қабатқа дейінгі балкондарды шарпыды. Тілсіз жау 6 пәтерге тарады. Тұрғындар өрт сөндірушілер келгенге дейін өз бетінше далаға шығып үлгерді. Қазіргі уақытта өрт толығымен сөндірілді, зардап шеккендер жоқ.
Жезқазғанда балалар ойын алаңын өртеп жіберді
Жезқазғанда үш жеткіншек ойын алаңын өртеп жіберді. Оқыс оқиға таңғы сағат 4-те қаладағы Түсіпбеков көшесінің бойындағы алаңда болды. Балалар көшеден тауып алған жемпірді тұтатқан. Жалын сырғанаққа тарап, пластикалық жақтау мен орындықтар түгел өртеніп кетті. Ешкім зардап шеккен жоқ. Балалардың ата-аналарына айыппұл салынды. Қазір оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүріп жатыр.