Америкалық ғалымдар мұхиттардағы тіршілікті зерттейтін жаңа робот жасап шығарды, деп хабарлайды 24kz.
Стэнфорд университетінің зерттетушілері адамнан аумайтын құрылғыны алдағы айда алып айдындардың бірінде қолдаунды көздеп отыр. Құлтемір айналасындағы заттарды сенсор арқылы көріп зерттейді. Қашықтан басқарылатын робот 1 шақырым тереңдікте жұмыс істей алады. Қазір құлтемір соңғы сынақтардан өтіп жатыр.