Еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады

Жобалар

Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі.

Синоптиктер шығыста қатты жауын болады, түскі уақытта бұршақ жаууы мүмкін деп болжайды. Сондай-ақ Маңғыстау, Атырау, Алматы облыстары мен елдің оңтүстік аймақтарында өрт қаупі жоғары. Әсіресе Атырау және Алматы облыстарында ауа температурасы 35 градустан асады. Түркістан мен Жетісу өңіріндегі сынап бағанасы 40 градусқа жуықтауы мүмкін. Сақ болыңыздар!