Ямайкалық атақты желаяқ Усэйн Болт «Гиннес рекордтар» кітабының иконасы атанды. Бұл арнайы сертификат кез келген адамға берілмейді. Өз саласында аңызға айналған , күллі әлем танитын тұлға болуы шарт. Әлемдік рекордтары мен ерекше жетістіктері үшін берілген марапатты Кітаптың бас редакторы Крейг Глендей өз қолымен табыстады. Айта кетейік, Усэйн Болт – қысқа қашықтыққа жүгіруден 8 дүркін Олимпиада және 11 дүркін Әлем чемпионы. Қазір оған 100, 200 метрге жүгірумен мен командалық 400 метрлік эстафетаданың рекорды тиесілі.
Асылбек Данияр