АҚШ-тың Иранға жасаған соққысы ядролық нысандарын жоя алмады. CNN телеарнасының дерегі бойынша шабуыл Тегеранның атомдық бағдарламасын тек бірнеше айға кейінге шегерді, деп хабарлайды 24kz.
Келтірілген мәліметтерге қарағанда, Құрама штаттарының әуе күштерінің Фордоға тастаған бомбалары кәсіпорынның тек кіреберісін қиратқан. Ал 90 метр тереңдікте орналасқан нысанның негізгі инфрақұрылымы бүлінбеген. Ақ үй әкімшілігі ақпаратты жоққа шығарды. «Бұл президент Дональд Трампты абыройын түсіру мақсатында таратылған қауесет», - деп мәлімдеді.
«АҚШ бомбалаушы ұшақтары Ирандағы ядролық нысандарға «бункер жарғыш» деп аталатын 12 бомба тастап, олардың тас-талқанын шығарды», — деді баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитт.