БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында «Тұмар 2025» ұлттық телевизиялық сыйлығының номинанттары анықталды.
Биыл 11 номинация бойынша жетекші республикалық және өңірлік телеарналардан 300-ден астам өтінім келіп түскен. Қорытынды тізімге 44 жұмыс енді. Олардың арасында 24kz телеарнасының журналистері Аслан Қаженов пен Әділ Балтабаев бар. Жеңімпаздар есімі 27 маусымда Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні қарсаңында анықталатын болады. Оларға отандық телевизия саласындағы ең жоғары жетістіктері үшін «Тұмар» мүсіншесі мен 1 миллион теңге көлеміндегі қаржылай сыйақы табысталады.