НАТО АҚШ-тың Иранға соққысын айыптаған жоқ

Жобалар

АҚШ-тың Иранға жасаған соққылары халықаралық құқықтарға еш нұқсан келтірмейді. НАТО Бас хатшысы Марк Рютте осылай деп мәлімдеді. Ол үшін ең үлкен қауіп Тегеранның ядролық қаруға қол жеткізуі және оны орналастыруы болмақ. Сондықтан НАТО-ның ұстанымы Иран ядролық қаруға ие болмауға тиіс.

Еске сала кетейік, жексенбі күні АҚШ Фордоу, Натанз және Исфахан қалаларындағы Иранның үш негізгі ядролық нысанына соққы жасады. Осыдан кейін Дональд Трамп Тегеранды қарсы әрекет жасамауға және арадағы кикілжіңді келіссөздер арқылы шешуге шақырған болатын.