АҚШ-тың 22 жастағы тиктокері әрі суретшісі Райли Мэдисон Ладнер 115 жыл бұрын салынған картинадан өзін көріп, таң болды. Алайда суретте шын мәнінде ол емес, одан айнымайтын орыс суретшісі Зинаида Серебрякованың автопореті болып шыққан . Бұл туралы KAZ.NUR.KZ lenta.ru-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Бойжеткен орыс суретшісінің мұндай автопортреті барынан басында мүлде хабарсыз болған. Десе де америкалық тиктокердің орыс суретшісімен таңғаларлық ұқсастығын байқаған желі қолданушыларының бірі оған бұл туралы айтып, хабарлама жібереді.
Бастапқыда Ладнер бұл хабарламаға еш мән бермейді. Алайда дәл сондай сарындағы хабарламалар өзге желі қолданушыларынан келе бастағанда, бойжеткен Зинаида Серебрякованың 1909 жылы салынған "За туалетом. Автопортрет" атты картинасын іздеп тауып, таң болады.
"Бұл маған қорқынышты әрі жүйке жұқартарлық болып көрінді — мұндай ұқсастықты күтпедім. Өзім суретші болғасын, маған бұл өте қызық көрінді. Картина сондай заманауи көрінеді, туынды 100 жылдан астам уақыт бұрын салынғанын білгенде, қатты таң болдым", — дейді ол.

Ландердің күйеуі болса, әйелінде дәл картинадағы киімге ұқсас киімі барына назар аударған. Ладнер алдағы уақытта орыс суретшісімен туыстық қарым-қатынасы бар-жоғын ДНК арқылы тексертіп көрмек.