Футболшы Зайнутдиновтің дертіне дәрігерлер ем таппай жатыр

Жобалар

Түрік журналисі Серкан Дикме Стамбұлдың «Бешікташ» клубының және Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Бақтиер Зайнутдиновтың қазіргі жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Sports.kz-ке сілтеме жасап.

— Бақтиер Зайнутдинов — кәсіби футболшы, бірақ қазіргі кезде ол спортпен тек денсаулығын сақтау үшін ғана айналысып жүр деуге болады. Қазіргі жағдай осындай.

Ойыншы жарақат алған, ал пайда болған трансферлік қауесеттер шындыққа жанаспайды.

Егер ол екі апта бойы жүгіруді тоқтатып, кейін қайта бастаса — жарақаттың қайталану қаупі өте жоғары. Бұл — созылмалы түрге айналуы мүмкін жарақат туралы.

Зайнутдинов 4-5 ай бұрын сіңіріне жасатқан ота оң нәтиже бермегені жөнінде мәлімет бар.

Оны емдеу үшін клуб дәрігерлерімен қатар шетелдік мамандар да шешім іздеуде.