Израиль-Иран қақтығысы екінші апта жалғасып жатыр. АҚШ президенті Дональд Трамп шиеленіске араласу туралы шешімді алдағы екі аптаның ішінде қабылдайды. Мұны журналистерге Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитт хабарлады.
Ол Трамптың атынан оқыған мәлімдемеде Иранмен келіссөздерді қайта жандандыруға жақсы мүмкіндік бар екені айтылған. Айта кетсек, мұның алдында әлем ақпарат құралдарында Америка Иранның ядролық нысандарына соққы беру мәселесін қарастырып жатқаны туралы мәлімет көп тарады.
Бүгін таңертең Иран әуе күштері Израильге бірталай ракета жіберді. Солардың бірі Беэр-Шев қаласына түскен. Соңғы мәліметке қарағанда, 7 адам жараланды. Израиль болса, Иранның солтүстік-батысындағы Рашт қаласындағы өнеркәсіптік паркке соққы берген. Екі ел арасындағы шиеленісті жеңілдету үшін Ұлыбритания, Германия, Франция сыртқы істер министрлері бүгін Женевада Иранның бас дипломатымен келіссөздер өткізеді.
Арыстан Рысбек