Қазақстандық танымал трансгендер, блогер Амилай Баймұратова тұрмысқа шықпақ, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл жаңалықты блогердің өзі Instagram парақшасында жариялаған бейнежазба арқылы бөлісті.
Онда белгісіз ер адамның сақина ұсынып, ұсыныс жасап жатқан сәті көрсетіледі.
Желі қолданушылары арасында бұл жаңалық нағыз сенсацияға айналды.
Блогер жазбасында: «Бәлкім, бұл жазба бір жүрекке жетер… Бәлкім, дәл қазір сен оқып отырсың… Мен махаббатқа сенемін. Ал сен ше?» – деп, романтикалық жазба қалдырған. Дегенмен, бейнежазбаның ескі екенін Амилай арнайы #архив хэштегімен белгілеп отыр.
Осыған қарамастан, оқырмандар арасында “Амилай жақында тұрмысқа шыға ма?” деген сұрақ қызу талқылануда. Қазіргі уақытта Амилай Малайзияда жүрген сыңайлы – бұл оның әлеуметтік желілердегі тікелей эфирлерінен байқалады.