фото: gov.kz
Бүгін Ерасыл Қажыбаев татамиге шығады. Будапешт қаласында дзюдодан жылдың басты бәсекесі әлем чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды 24kz.
Оған 93 елден 600-ге жуық қатысушы жиналды. Бүгін жарыстың соңғы, яғни, жетінші күні. Сәйкесінше, тағы қос салмақта медальдар сарапқа салынады деген сөз. Яғни, ерлер арасында да, әйелдер арасында да аса ауыр салмақтағы чемпиондар анықталмақ. Ерлер арасындағы сында қазақстандық Ерасыл Қажыбаев жүлдеге таласады. Белдесулер біздің уақытпен 15:00-де басталады.
Айта кетейік, әзірге Қазақстан құрамасы қоржынында бір күміс қана бар. Оны 48 келіде Әбиба Әбужақынова жеңіп алды. Cоның арқасында жалпы командалық есепте 10-шы орында тұрмыз. Топ басында Жапония болса, үздік үштікке Ресей мен Италия кірді.