«Заң мен тәртіп»: СҚО-да абаттандыру ережесін бұзған 3000 адам жауапқа тартылды

Жобалар

Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері абаттандыру ережесін бұзған 3000 адам жауапқа тартылды, деп хабарлайды 24kz.

Оларға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, құқық бұзғандардың басым бөлігі қоғамдық орындарда қоқыс лақтырып, темекі шеккендер. Бұл ретте халық арасында тазалық мәдениетін қалыптастыру үшін тәртіп сақшылары «Заң мен тәртіп» қағидаты бойынша бақылауды күшейтті.

Блиц 1:

- Айыппұл салған дұрыс деп ойлаймын. Өйткені егер де айыппұл болмаса, жастар да қазіргі уақытта қоқысты кез келген жерге лақтыра береді. Бір рет уже айыппұл салғаннан кейін ол қоқысты қоқыс салатын жәшікке салады.

Блиц 2:

- Заңды күшейткені дұрыс енді. Бір-екі рет айыппұл салса, ақыл кіреді дегендей... Ондай көп көрмеймін енді. Болады арасында лақтырып кетеді. Мысалы су анау-мынау ішіп, бөтелкесін лақтырып кетеді. Әркім өзі таза жүрсе, бүкіл жер таза болады деп ойлаймын.

Блиц 2:

- Біз енді мектептерде, оқу бөлімдерінде ондай жұмыстарды жүргізу керекпіз. Балалармен сөйлесу керек. Айту керекпіз. Сондай жұмыстар. Бұл бір мемлекеттің қолынан келмейді. Барлық қоғамдық бірлестіктер жұмыс істеу керек.