Танымал отандық әнші азан шақырып, әнші есімін өзгерткен (видео)

Жобалар

"Таңшолпан" бағдарламасында қонақ болған танымал әнші Индира Елемес ерекше жаңалығын бөлісті. Ол есімін Хадиджа деп өзгерткен, деп хабарлайды бағдарламаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Индира Елемес 2023 жылы азан шақырып, есімін Хадиджа деп өзгерткен. ⠀ Әншінің айтуынша, есімін өзгертуді көптен бері ойлап жүрген. Бірақ батылы жетпей, жүрексініп келген. Алайда екі жыл бұрын жүрегінің үнін тыңдап, нақты қадамға барған. ⠀ "Атымды ауыстыру – менің ішкі рухани жолымдағы үлкен қадам болды", — дейді ол.