Алматыда заңсыз салынған тағы бір нысан сүрілді

Жобалар

Алматыда заңсыз салынған тағы бір нысан сүрілді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қарасай батыр көшесі мен Жұмалиев көшесі қиылысы, 126/135 мекенжайында өз бетінше салынған қосымша нысан сот шешімі бойынша сүріледі.

"Тұрғындардың өтініші негізінде жүргізілген жоспардан тыс тексеріс барысында жеке тұлға рұқсат құжаттары жоқ екеніне қарамастан қосалқы және кіреберіс құрылыс жүргізгені анықталды. Меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданды және Алматы қаласының әкімшілікқұқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен кінәлі деп танылып, әкімшілік айыппұл арқалады", — деп жазылған хабарламада.

Алматы қалалық сотының 13 қаңтардағы қаулысымен бірінші сатыдағы шешім өзгеріссіз қалды.

Сот шешімін орындау барысында нысанды меншік иесінің өзі бұзған.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Logotype Massaget