Қазақстан мен Әзербайжан университеттері 40 меморандумға қол қойды

Жобалар

Бакуде Қазақстанның 23 университетінің қатысуымен білім беру көрмесі өтті.

Іс-шара әзербайжандық оқушылар мен студенттерге Қазақстанның жетекші университеттерінің академиялық бағдарламаларымен танысуға мүмкіндік берді. Көрме аясында екі ел жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге арналған дөңгелек үстел өтті. Оған Қазақстанның Елшісі Әлім Байел, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен оның әзербайжандық әріптесі Эмин Амруллаев, университеттер ректорлары қатысты. Оның қорытындысы бойынша екі елдің университеттері арасында өзара түсіністік туралы 40 меморандумға қол қойылды. Сонымен қатар академиялық ұтқырлық, бірлескен зерттеулер және ғылыми ынтымақтастықты арттыруға келісті.

Әлім Байел, ҚР Әзербайжандағы Төтенше және өкілетті Елшісі:

- Қазақстан мен Әзербайжан арасында тығыз, достық қарым-қатынас орнаған. Біз сөз жүзінде емес, іс жүзінде одақтас елдерміз. Ынтымақтастық барлық салаларда табысты дамуда. Жоғары білім мен ғылым саласындағы серіктестік екіжақты байланыстарды нығайтушы күштердің біріне айналғанын қалаймыз.

Эмин Амруллаев, Әзербайжанның Ғылым және білім министрі:

- Әзербайжан Қазақстанмен жоғары білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты белсенді түрде кеңейтуге ниетті. Қазіргі уақытта білім беру стратегиялары, серіктес жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық жоспарлары және инновациялық тәсілдерді енгізу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.