Ираннан алты Қазақстан азаматы эвакуацияланды

Жобалар

Ирандағы ахуал ушыққаннан кейін Ислам республикасында жүрген Қазақстан азаматтары Әзербайжан шекарасы арқылы эвакуацяланып жатыр, деп хабарлайды 24kz.

Алғашқы алтауы «Астара» бақылау-өткізу бекеті арқылы шекара асқан. «Раптли» агенттігінің хабарлауынша, оларға медициналық көмек пен тамақ берілген. Әзербайжан тарабы қазақстандықтардың жағдайы жақсы екенін мәлімдейді. Қазір отандастарымыздан бөлек өзге елдің азаматтары да Ираннан осы Әзербайжан шекарасы арқылы эвакуацияланып жатыр.