Израиль мен Иран бірін бірі атқылады

Жобалар

Бүгін түнде Иран мен Израиль бір-бірін тағы атқылады.

Ислам Республикасы баллистикалық зымырандарын ұшырған. Қарсы тарап көбін атып түсірген. Десе де, бірнешеуі Израиль аумағына, соның ішінде Тель-Авивке жеткен. Салдарынан бір әйел қаза тауып, ондаған адам жараланды. Ирна агенттігінің хабарлауынша, зымырандар еврей елінің қорғаныс министрлігіне тиген. Сондай-ақ Фарс агенттігі екі израильдік жойғыш ұшақтың атып түсірілгені туралы ақпарат таратып жатыр. Еврей елінің әскерилері де Иранды соққылады. Елдің орталық бөлігіндегі Исфахан қаласында жарылыс дыбыстары естілген. Мұнда Ислам республикасының ядролық нысаны орналасқан. Бұдан бөлек жергілікті ақпарат құралдары Иранның екі әскери базасы шабуылға ұшырағанын хабарлайды. Естеріңізде болса, 13 маусымға қараған түні Израильдің 200-дей жойғыш ұшағы Ирандағы жүзден аса нысанды соққылаған. Солардың ішінде баллистикалық зымырандар жасайтын орындар мен уранды байыту зауыты және жоғары лауазымды әскрилердің жасырынған орындары бар. Салдарынан 80-ге жуық адам қаза тауып, 300-ден астамы жараланды.