Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай бастапқыдан-ақ қандай да бір қаржылай өтемақыға қызықпағанын айтып, бар болғаны ұлының атына кір келтірмеуді сұраған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы оның адвокаты Мейірман Шекеев айтты.
«Маған ақша керек емес. Баламды қараламаса болды. Менің аманатым сол еді», – деген Қаржаубай мырза тергеу кезінде күдіктілер тарапынан ұсынылған ақшадан бірден бас тартқан. Кейін белгілі бір сатыда егер ақшалай өтемақы берілетін болса, оны өзінің жеке пайдасына емес, балалар үйіне аударуға ниетті болғанын оның заңгері Мейірман Қалмақанұлы жеткізді. «Бұл – қылмыспен келген ақша. Егер ол түссе, мен азамат ретінде оны мұқтаж балаларға жіберемін», – деген екен Қаржаубай Нұрымов.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Олжас Әбдіхалық (@oljas_mahanbet)