Ақтөбеде ірі қаржы пирамидасының жұмысы тоқтатылды

Жобалар

Ақтөбеде «Harmony Rider Technology» қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды. Қаржылық мониторинг агенттігі өкілдерінің хабарлауынша, бұл ұйымға 115 адам 197 миллион теңге қаржы салған.

Күдіктілер өздерін АҚШ-та тіркелген және электр самокаттарын өндіретін ірі компания ретінде таныстырған. Тұрғындарды жоғары табысқа жеткіземіз деп алдаған. Алайда іс жүзінде электр самокаттарын сатумен айналыспаған. Салымшыларға күніне 12-ден 690 долларға дейін төлем ұсынылған. Алайда ол қаржы жаңа қатысушылардан түскен ақшадан беріліп келген. Басқа ақпараттар заң талаптарына сәйкес жария етілмейді.

Ернар Тайжан, ҚР ҚМА ресми өкілі:

Тергеу кезінде күдіктілер салымшылардың ақшасын OKX крипто әмиянына аударып, одан кейін фиаттық ақшаға айырбастап, банк шоттарына шығарғаны анықталды. Заңсыз кірістер есебінен Ақтөбе қаласында 2 пәтер мен 3 автокөлік сатып алынып, жасыру мақсатында жақын туыстарына рәсімделген. Сот санкциясымен аталған мүлікке тыйым салынды. Сотқа дейінгі тергеу аяқталып, қылмыстық іс сотқа жолданды.

Жақсыбек Кемал