Бүгін Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен балалардың құқығын қорғау жөнінде республикалық кеңес өтті. Жиында кәмелет жасына толмағандарға байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, балалардың қауіпсіздігін толық қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың жазғы демалыстарын ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Бұған қоса, «Адал азамат» біртұтас тәрбие беру бағдарламасын жүзеге асыру және оны мектептерге енгізу барысы пысықталды. Мемлекеттік кеңесші елімізде қазір балалардың құқығын қорғап, қауіпсіздігін сақтаудың тиімді институционалдық және заңнамалық жүйесі қалыптасқанын атап өтті. Сондай-ақ Ерлан Қарин балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін толық қамтамасыз етуді жауапты мемлекеттік органдар мен облыс басшылығы жүйелі түрде бақылауда ұстауға тиіс екенін жеткізді.
Ерлан Қарин, ҚР Мемлекеттік кеңесшісі:
Қазақстанда балалардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қаматамасыз етуге барлық институционалдық және құқықтық негіздеме жасалды. Өткен жылы өздеріңіз білесіздер әйелдердің құқығы мен балалардың қауіпсіздігі туралы заң қабылданды. Өткен жылдан бастап Оқу-ағарту минисьірлігінің бастамасымен барлық мектептерде жаңа тәрбие бастамасы енгізіле бастады. Мемлекет басшысы ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында Қазақстанда қабылданған балаларға қатысты барлық құжат шаралар бар, барлығын жинақтайтын ортақ біртұтас «Қазақстан балалары» атты бағдарламаны дайындап қабыладауды тапсырды. Қазір соған сәйкес тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр
Ернұр Медет