"Солай болуы керек болған шығар": Жұлдыз Әбдікәрімова жүктілігі туралы айтты

Жобалар

Актриса, Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова жуырда бесінші сәбиіне жүкті екенін елге хабарлаған болатын. НТК телеарнасының "Ревю" бағдарламасына берген сұқбатында әнші бұл өзі үшін күтпеген жайт болғанын мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Аяғы ауыр екенін оқырмандарына ашық айтып, желіге суретін жүктеген Жұлдыз Әбдікәрімова жүктілігі туралы пікір білдірді. Актриса бұл өзі үшін тосын жайт болғанын жасырмады.

"Мүлдем ойлаған жоқпын. Өйткені халыққа белгілі, менің сол кездегі жағдайым қандай болғанын бәрі біледі, куә болды. Сонымен жүріп қалдым. Солай болуы керек болған шығар. Естіген кезде қуандым. Өздеріңіз білетіндей, төрт балам бар. Енді бесінші баланы да қуана-қуана қабылдаймыз. Бергеннен кейін тастамаймыз", — деді ол.