Ұлтты ұйыстырудың жарқын үлгісі

Жобалар

Мем­лекет басшы­сы ұлт бірлігін нығай­туда, елдің әлеу­меттік-эко­номикалық дамуын қамтамасыз етуде, халық­аралық аренадағы беделін арттыруда дәстүр мен жасампаздықты тең ұстауды жиі айтады. Бұл ретте аза­мат­­тар­дың әл-ауқатын жақ­сар­туға, әлеуметтік әділет­тің салтанат құруына, жас­тардың болашағына инвести­ция салуға, ғылым мен білім сала­сы­ның жаңашылдығына айрықша көңіл бөлініп отыр.

Әсіресе, ұлтты ұйыстыруға келгенде Президент Ұлт­тық құрылтай форматын жаңғыр­тып, халық­тың пікірін, мемлекет­тің даму бағы­тын кеңес арқы­лы анықтауға мүм­кіндік берді. Ішкі бірлігімізді сақ­тап, сыртқы қауіптерге қарсы тұру үшін тұ­рақ­тылық пен бейбіт­ші­лік қағидаты таңдалды. Мемлекет бас­шы­сының «Ең алдымен, халықтың береке-бірлігін сақтау елдігіміз үшін аса ма­ңызды. Бұл туралы үнемі ай­тып жүр­генімді білесіздер. Ын­ты­мағы жарасқан, ортақ мақ­сат­қа ұйысқан ұлт ешқашан ұтыл­майды, ештеңеден құр қалмайды», деген сөзінде терең мән жатыр.

Шын мәнінде, Ұлттық құрыл­тайды қайта жаңғырту арқылы Президент қазақ баласының көнеден келе жатқан ұлы бірлік жолындағы жалауын тіктеді десек те артық айтпаймыз. Өйткені төбел бие сойдырып төменгі елді, жорға бие сойдырып жоғарғы елді шақырып, елдің бірлігі мен тұтастығын талқыға салатын «Құрылтай» сөзінің түпкі мағынасы да құралу, жиналу, түгелделу дегенге саяды емес пе? Демек құрылтай – жай бас қосу емес, ол күллі халықтың ортақ мүддесін қорғау жолындағы үлкен саяси жиналыс.

Сондықтан да Президент бастамасымен қолға алынған Ұлттық құрылтайдың тарихи маңызы зор. Өйткені қазақ даласында алғаш рет Шыңғысхан дәуірінде Ұлттық құрылтай Қарақорымда өтсе, одан кейін Әз Тәукенің кезінде үш жүздің басы қосылып «Жеті жарғы» заңын талқылағанын да бүгінгі ұрпақ жадында сақтауға тиіс. Міне, осының өзінен-ақ қазақ тарихындағы құрылтайлардың ұлт мәселесіне келгенде шешуші рөл атқарғанын білуге болады. Тәуке ханның тұсындағы құрылтайдың өткен уақыты 1710 жылға сәйкес келетін болса, одан кейін Алаш баласы 1726 жылдың күзінде Ордабасы тауында тағы да бас қосып, бүкілқазақтық құрылтай өткізген. Ондағы жалғыз мақсат – ұлы даланы жау қолына бермеу, берекені бекемдеу. Себебі бұл кезеңде жоңғар шапқыншылығының зардабынан қазақтар «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» апатына ұшырап жатқан кез еді. Міне, бұдан да қазақтың ең бір тағдырлы шешімін құрылтайда бекіткенін байқауға болады. Тәуке хан дәуірінен кейін 1771 жылы Абылай сұлтан Түркістанда үш жүздің хан-сұл­тандары, би-батырларының қатысуымен хан сайланып, оған жиналған игі жақсылар жоңғар-қалмақ шапқыншылығынан бытырап кеткен елді қайта тұтастыруға ұмтылған еді. Қарап тұрсаңыз, жұртымды жиыстырам, ұлтымды ұйыстырам деген құрылтай ХХ ғасырдың басында Алаш қайраткерлерінің бас­қосуымен съезд болып жалғасты. Кейін ол тәуелсіз Қазақстан тари­­хындағы 1992 жылы 30 қыр­­кү­йектегі Дүниежүзілік қазақ құ­рыл­тайына ұласты. Екінші рет бұл 2002 жылы қазан айының

23-інде қазақтың бірнеше хандары мен билері жатқан Түркістан қаласында өтті. Кейіннен 2005, 2011, 2017 жылдары Астана қала­сында жаһан қазақтарының құрыл­тайлары ретінде аталды. Осын­дай маңызы мен мәні бөлек құ­рыл­тайдың Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей бастама­сы­мен жүзе­ге асуы да сол баба­лар­дан келе жатқан дәстүр сабақ­тас­ты­ғының жалғасы деуге болады.

Президенттің 2022 жылы 16 наурыз­дағы Жолдауындағы ұсынысына сәйкес ен­ді алқалы басқосу жаңаша сипат алды. Бар­­ды-жоқты әңгіме қылып тарқайтын жи­­на­­лыс емес, қайта азаматтардың ұсы­­ныс-пі­кірін айтатын, сонымен қатар қазақ қо­­ға­м­ы­­ның саяси және әлеуметтік дамуына ықпал ететін басты алаңға айналып үлгерді.

Ұлттық құрылтай алғаш рет ұлт ұясы Ұлытауда, екінші рет қасиетті Түрк­іс­тан төрінде, үшінші рет Атырау­да жал­ғасын тапты. Атап айтар бол­сақ, бі­рінші рет 2022 жылы Ұлытауда ұйым­дастырылған Ұлттық құрылтайда Әді­летті Қазақстанның негізі қаланып, еліміздің жарқын болашағы мен мұратын айқындаған айтулы оқиғалар орын алды. Мемлекет басшысы құрылтайдың алғашқы отырысында қоғамның түрлі топ өкілдерімен кездесіп, маңызды мәселелерді талқылады. Ал 2023 жылы Түркістанда өткен екінші Ұлттық құрылтайда Президент бірқатар тапсырма беріп, ұлттық нышан, ұлттық тәрбие мен құндылықтар жайында сөз қозғады. Бұл жиында ұлт­тық бірегейлікті сақтау, мәдени мұраны дәріптеу және жастар тәрбиесі мәселелері көтерілсе, былтырғы Сарайшықта өткен үшінші Ұлттық құрылтай­да елдің тарихи жадын жаң­ғыр­ту, қоғамды ілгерілету бо­йынша практикалық маңы­зы бар ұсынымдар әзірлеу мәселелері талқыланды. Міне, сол Ұлттық құрылтайларда көтерілген бас­тамалардың бірі Республика күніне ұлт­тық мереке мәртебесін қайтару ұсы­нысы еді. Бұл бастама жүзеге асырылып, Республика күні қайтадан ұлттық мере­­ке ретінде аталып өтіп жатқанына бәрі­­міз де куәміз. Сонымен қатар құрыл­тай нә­ти­жесінде Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысында жаңа аудан­дар құрылды. Өңірлік рәміздер­ді реттеу, «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени қорық-музейі­не ұлттық мәртебе беру, «Бала­лар кітапханасы» жобасын іске асыру сияқ­ты бастамалар жүзеге асырылды. Қазір Қазақ­станның жеті томдық жаңа академия­лық тарихын жазу үшін нақты жұмыс жүргізіліп жатыр. Оған 250-ден аса ғалым жұмылдырылғанын да жақсы білесіздер.

Тағы бір айта кетерлігі, құрыл­­­тайдың үшінші отыры­сының қорытындысы бойынша 40 бөлімнен тұратын арнайы жоспар қабылданып, олардың басым бөлігі орындалған. Бұл жоспарлар «Тәуелсіздік және отаншылдық», «Әділдік пен жауапкершілік», «Еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік», «Заң мен тәртіп», «Жасампаздық және жаңашылдық» сияқты жалпыұлттық құндылықтар­ды орнықтыруға бағытталған. Сондай-ақ былтырғы Ұлттық құрылтайдан кейін Парламент әйелдердің құқықтарын қорғау, балалардың қауіпсіздігін қамта­масыз ету, лудомания мен вандализмге қарсы іс-қимылдар, сондай-ақ вейпке тыйым салу мәсе­лелері бойынша бірнеше заң қабылдады. Жақында Пар­ламентте есірткі бизнесімен күрес туралы заң жобасы қабыл­данып, ол Президентке қол қоюға ұсынылды. Бұл заңдардың барлығын әзірлеуге құрылтай мүшелерінің тікелей қатысы бар. Сондықтан да жоғарыда өткен үш құрылтай да ұлт ұпайын тү­гендеуге келгенде ұтыл­маға­нымызды білдірсе керек.

Ал биылғы Ұлттық құрыл­тай Бурабайда өтеді. Бұл жиын­да жаңа бастамалар мен жоспарлар ұсынылып, елі­міздің жан-жақты жаң­ғыруы­на бағытталған реформалар талқыланбақ.

Иә, Ұлттық құрылтайлар қашан­да – мемлекет пен қоғам арасын­дағы диалогтің маңыз­ды алаңы. Тіп­ті құрылтайды біз елдің дамуы мен жаң­ғыруы­на бағытталған бастамаларды талқылап, маңызды шешім­дер қабыл­дайтын платформа десек те болады. Әрине, еліміз қазір күрделі кезеңдерден өтіп жатқанымен, осы сынақтар мен қиындықтарға қарамастан, еліміз даму жолында тұрақ­ты қадамдармен алға жылжып келеді. Мемлекет басшысы мен құрылтай мүшелері елдің ішкі және сыртқы қауіптеріне қар­сы тұрып, халықтың әл-ауқатын арттыру, әлеуметтік мәселелерді шешу және болашаққа сенім­мен қарау үшін ауқымды шаралар қабылдап жатыр. Бұл еліміздің нығаюы мен өркендеуі жолындағы маңызды қадамдар деп санаймын. Қиындықтарды еңсеріп, бірлікті сақтай отырып, мемлекеттігімізді нығайта береміз.

Ерлан СЫДЫҚОВ,

академик