Құлсарыда қыз баланың денесі табылды: күдікті ұсталды

Жобалар

Кеше Атырау облысы Құлсары қаласында жоғалып кеткен 5 жасар қыз баланың денесі каналдан табылған. Баланы өлтірді деген күдікпен 36 жастағы тұрғын ұсталған, деп хабарлайды Атырау облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Полицияның мәліметінше, 5 маусымда шамамен сағат 12:00-де Құлсары қаласында 2018 жылы туған жасөспірім қыз үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.

Сағат 21:28 шамасында оның ата-анасы полицияға жүгінген.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 6 маусым күні түнгі сағат 02:19 шамасында баланың денесі Құрсай өзегінен табылған.

"Баланы өлтірді деген күдікпен Құлсары қаласының 36 жастағы тұрғыны жедел ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалып, сот санкциясымен қамауға алынды.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу жүргізілуде. Полиция мұндай ауыр қылмыстар үшін заңда ең қатаң жаза қарастырылғанын ескертеді.

Қылмыстық істің тергелуі Атырау облыстық полиция департаменті бастығының ерекше бақылауында", — делінген хабарламада.