Астана аспанындағы белгісіз құбылыс: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді

Жобалар

Астана, Қарағанды және Павлодар қалаларының тұрғындары аспанда ұшып бара жатқан (немесе құлап жатқан) беймәлім нысандарды байқаған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазба қалың көпшіліктің қызу қызығушылығын тудырды.

Қазіргі уақытта Қазақстан аспанында көрінген бұл нысанның нақты қандай ғарыш аппараты екені анықталған жоқ. Алайда оқиғаны жүздеген мың қазақстандық өз көзімен көріп, куә болды.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі бұл жағдайға қатысты ресми түсініктеме берді:

Қазақстан аумағында әуе кеңістігінің бұзылу фактілері тіркелген жоқ. Жағдай тиісті қызметтердің бақылауында. Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ. Бұл құбылыс атмосфераға кірген ғарыш аппараттарының сынықтарына немесе метеориттік ағынға ұқсайды. Әдетте мұндай нысандар тығыз атмосфера қабаттарында жанып кетеді де, жерге жетпейді. Азаматтарды сабыр сақтап, расталмаған ақпаратты таратпауға шақырамыз. Құзырлы органдар бұл құбылысты зерттеп жатыр және қосымша түсініктеме береді, – делінген мәлімдемеде.