Шымкентте ластанған аумақтар картасы жасалады

Жобалар

Шымкентте қала белсенділері экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында ластанған аумақтар картасын жасап жатыр , деп хабарлайды 24kz.

Бұл бастама «Amanat» партиясының «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы аясында жүзеге асады. Картаға енген аумақтарда тазалық жұмыстары жүргізіледі. Бұл жолы партия мүшелері мен коммуналдық қызмет жұмысшылары Әл-Фараби ауданындағы ірі базардың айналасын қоқыстан тазалады. Белсенділердің айтуынша, «Таза бейсенбі» акциясы алдағы уақытта да жалғасады. «Басты мақсат – тұрғындар арасында тазалыққа деген мәдениетті қалыптастыру», - дейді олар.

Ердәулет Жүнісбек, «Amanat» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы:

- Жыл басынан бері біздің ауданда төртінші рет ұйымдастырылып тұр. Әр бейсенбі сайын әр ауданның кезегі болып тұрады. Одан бөлек, осы төрт рет ұйымдастырғанымыздың ішінде 130-ға жуық қала тұрғындары да жұмылдырылды.