Ұлттық арнада телемарафон жалғасуда

Жобалар

Бүгін – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау және Эколог күні. Осы ретте эфирді әрі қарай «Таза Қазақстан – таза болашақ» телемарафоны жалғастырады. Ләйлә, сөз тізгіні өзіңізде!

Рақмет, Шерхан! Бүгін таңнан бері Ұлттық арна тілшілері экология тақырыбын қозғап, Таза Қазақстанды құруға үндеген кейіпкерлерді көрсетіп жатыр. Телемарафон жалғасады. Бізбен бірге болыңыздар!

Иә, бүгін күні бойы тікелей эфирде қоғамның экомәдениеті, елдегі экологиялық мәселелерге тоқталып, білікті мамандармен сұхбат құрып жатырмыз. Сондай-ақ Есіл өзенінің жағасында көшпелі студия құрылғанын айта өтейін. Ел аймақтарымен және шет мемлекеттермен де тікелей байланыстамыз. «Таза Қазақстан» акциясының мақсаты да сол – тек айналаны емес, сананы тазарту, экологиялық мәдениетті қоғамның күнделікті дағдысына айналдыру.