Газада көмек тарататын орталықтар бір күнге жабылды

Жобалар

Газа секторында аштыққа ұшырап жатқан халыққа көмек тарататын орталықтар бір күнге жабылды. Ал Израиль армиясы бұл орындарға баратын жолдарды «атыс аймағы» деп жариялаған . КСМ Айта кетсек, өткен тәулікте Израиль жауынгерлерінің шабуылынан жәрдем алуға бара жатқан 27 палестиналық қаза тапты. Мұны «Хамастың» Азаматтық қорғаныс аганттігі хабарлап отыр. Израиль әскері өздеріне қарай беттеген күдіктілерге оқ жаудырғанын мәлімдеп отыр. Сонымен қатар, Израильдің соққысынан Газада босқындар жасырынған мектепте 12 адам мерт болды. Қызыл Крест өкілдерінің сөзінше, қазір бұл палестиналық анклавта «тозақтан бетер» сұмдық жағдай қалыптасып отыр.

Арыстан Рысбек