«Ұлы тұлғалар. President» кітабы жарық көрді

Жобалар

Астанада «Ұлы тұлғалар. President» кітабының тұсаукесері өтті. Халықаралық әлеуметтік-саяси «President» газетінің бастамасымен жарық көрген бұл туындыда тек президенттердің өмір дерегі ғана емес, олардың мемлекеттің дамуы жолындағы сан қырлы еңбек жолы мен тұлғалық қасиеттері де көрсетілген. Сегіз мемлекеттің басшысы енген бұл кітап алдағы уақытта араб және түрік тілдеріне аударылмақ. Бес мың данамен жарық көрген еңбектің авторы — белгілі журналист Эльмира Сегізбаева.

Эльмира Сегізбаева, кітап авторы:

Бұл кітап үш жыл бойы жазылды. Халықаралық «President» деген газетке жарияланған мақалалардың негізінде. Әрбір мемлекеттің президент әкімшіліктеріне жолданып, олардан арнайы рұқсат алынып, осындай кітап жарық көріп отыр. Бұл еңбекте әрбір президенттің өмірбаяны, олардың балалық шақтары, тәрбие берген ата-аналары, туып-өскен ортасы және жеткен жетістіктері баяндалған.