Қ. Бозымбаев қытайлық инвесторлармен инфрақұрылымдық жобаларды талқылады

Жобалар

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев пен Power China Chengdu Engineering Corporation директорлар кеңесінің төрағасы Хэ Яньфэн энергетика және су ресурстары салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту келешегін талқылады.

Инвесторлар елде бірқатар ірі жобаны жүзеге асырды. Олардың қатарында «Мойнақ» су электр станциясы, «Жаңатас» және «Шелек» жел электр станциялары бар. Қазіргі таңда «Хромтау» және «Арқалық» жел электр станцияларын іске қосуға дайындық жүргізілуде. Келіссөз барысында қытайлық тарап ирригация және су шаруашылығы салаларындағы жобаларға қатысуға қызығушылық танытты. Өз кезегінде Қанат Бозымбаев елдегі ірі инфрақұрылымдық жобалар туралы айтып өтті. Кадр даярлау мәселесіне де ерекше назар аударылды. Кездесу соңында тараптар бірлескен бастамалардың әлеуетін атап өтіп, ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға өзара ниеттерін білдірді.