Қазақстан құрамасының теннисшісі Анна Данилина "Ролан Гаррос" турнирінің жұптық сайысында ширек финалға жолдама алды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол Парижде (Франция) сербиялық Александра Круничпен бірге өнер көрсетіп жатыр.
1/8 финалда Анна Данилина мен Александра Крунич турнирдің бесінші нөмірлі жұбы Эйжа Мухаммад (АҚШ) және Деми Схюрспен (Нидерланд) кездесіп, екі сетте 6:4, 6:0 есебімен жеңіске жетті.
Жартылай финалға шығу үшін Данилина мен Крунич америкалық-чехиялық жұп Катерина Синякова мен Тейлор Таунсендпен кездеседі. Бұл жұп Франция ашық чемпионатында бірінші нөмірмен тіркелген.
Айта кетейік, бұған дейін ширек финалға қазақстандық теннисші Александр Бублик те өткен болатын.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз