Алғаш рет қазақстандық екі каратэші Grand Winner жүлдесін иеленді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Марокко астанасында каратэден (WKF) жылдың қорытындысы, премьер-лига санатындағы турнирі аяқталды.
Биылғы 4 жарыстың нәтижесінде өз салмағындағы рейтингте көп ұпай жинаған отандасымыз Мөлдір Жаңбырбай (-50 кг) мен Әсел Қанай (-61 кг) үздік спортшыға берілетін Grand Winner номинациясына ие болды.
Айта кетейік, осыған дейін Ұлттық құраманың 2 спортшысы қатар мұндай марапатқа ие болмаған. Мөлдір Жаңбырбай былтыр алғаш болып 50 келіге дейінгі салмақта Grand Winner атанған. Ол — осы сыйлықты 2 мәрте иеленген алғашқы каратэ шебері. Мөлдір Жаңбырбай биыл Париж қаласында өткен алғашқы премьер-лига бәсекесінде қола, Ханчжоуда күміс, Каирде алтын медаль жеңіп алған болатын.
Ал Әсел Қанай Париж бен Каирде күміс, Ханчжоуда қола медаль олжалаған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!