"Ғұсман Қырғызбаев, Әбиба Әбужақынова": Дзюдодан әлем чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды

Жобалар

Дзюдодан әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық балуандар белгілі болды .

13-20 маусым аралағында Будапештте (Венгрия) дзюдодан әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлем біріншілігінде 92 елден 566 спортшы 14 салмақта жүлде үшін бақ сынайды.

Қазақстанның құрамы төмендегідей:

Ерлер:

— 60 келі: Мағжан Шамшадин, Шерзoд Давлатов

— 66 келі: Ғұсман Қырғызбаев

— 73 келі: Есет Қуанов

— 81 келі: Абылайхан Жұбаназар

— 90 келі: Мейірлан Максим

— 100 келі: Нұрлыхан Шархан, Марат Байқамұров

— 100 келіден жоғары: Ерасыл Қажыбаев

Әйелдер:

— 48 келі: Әбиба Әбужақынова мен Ғалия Тынбаева

— 63 келі: Эсмигүл Куюлова

Сондай-ақ турнир аясында командалық жарыс ұйымдастырылады.