Баянауыл ұлттық табиғи паркінде қарақұрт жұмыртқаларын жою жұмыстары басталды. Бұл зиянкестердің өңірде пайда болғанына биыл екінші жыл. Алғаш рет 2023 жылы Торайғыр көлі маңында табылған. Содан бері әбігерге салып келеді. Мәселен ерекше қорғалатын аумақ болғандықтан улы жәндіктерді жаппай жоюға химиялық препараттар қолдануға тыйым салынған. Сондықтан қауызын шағып үлгермей жұмыртқаларды жинап алуға мамандар жұмылдырылды.
Аждар Жүсіпов, Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің бас директоры:
Қазірдің өзінде аналықтары табылып жатыр. Өте жас. Бірақ жұмыртқаларын қорғаштауға жетіліп қалған. Химия қолдана алмаймыз. Биологиялық жолмен, яғни абайлап қолмен бір-бірлеп теріп алып жағып жібереміз. Әзірге Торайғыр көлі аумағында ғана кездесті. Бұл жаққа туристер аса көп келе бермейді.
Болат Аманбаев